Шавкат Рахмоновтың әйелі 2 адам қаза тапқан жол апатында куәгер ретінде танылды

252

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты фактісі бойынша оқиғаның мән-жайын толық анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Шавкат Рахмоновтың әйелі 2 адам қаза тапқан жол апатында куәгер ретінде танылды Фото: Ulysmedia.kz

UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмонова екі адамның өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасына байланысты қорғау құқығы бар куәгер ретінде тергелуде. 

– Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазір азаматша қорғау құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды. Ол Алматы қаласындағы ауруханада ем қабылдап жатыр. Тергеу нәтижесіне сәйкес, оған қатысты процессуалдық шешім қолданыстағы заңнама аясында қабылданады. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды, – деді ведомство өкілдері.

Әлеуметтік желілерде Шавкат Рахмонов пен оның отбасын қолдауға бағытталған пікірлер мен жазбалар таралуда. Қолдаушылардың айтуынша, спортшының мансабына көлеңке түсірмеу керек, ал болған оқиға – кездейсоқ жағдай.

Кейбір дереккөздерге сүйенсек, Гүлайым Рахмонова түсініктемесінде көлікті өзі емес, апат салдарынан қаза тапқан әйелдердің бірі басқарғанын айтқан. Оның сөзінше, ұзақ жолдан кейін шаршаған соң рөлді сол адамға берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу