Екі ай жол жүрген керуен Астанаға жетті

912

Екі ай жол жүрген керуен Астанаға жетті

Керуен екі ай бойы жолда болып, 1300 шақырымды жүріп өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

"Ұлы Жiбек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту" этнокеруен Қазақстан астанасына Жамбыл күндерінің өтуіне байланысты келді. Қонақтарды күтіп алу салтанаты елордалық "Ғашықтар" саябағында өтіп, оған Астана әкімі Әсет Исекешев қатысты.

Бес күн бойы Астанада облыстық тарихи-өлкетану музейінің "Тараз – тарихтың алтын дiңгегi" көрмесі өтеді.

Көрмеде сақ дәуірінен Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі 300-ден астам жәдігер назарға ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары қазба жұмыстары кезінде табылған тарихи инсталляцияларды, тиындарды, құмыраларды және тараздық қыл қалам шеберлерінің суреттерін тамашалай алады.

Елордада Жамбыл облысының күндері аясында мерекелік концерттер, көрмелер, театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылады. Оған облыстық филармонияның, облыстық қазақ драма театрының, "Алатау" фольклорлық ансамблінің ұжымдары мен белгілі әншілер мен композиторлар қатысады.

Қалалық "Қазанат" ипподромы алаңындағы этноауылда шеберлер ауылы орналастырылады. Ал "Қазақстан" спорт кешені аумағында өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесінде елорданың тұрғындары мен қонақтары сауда жасай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу