Екі айда анықталған "қара нарықтағы" есірткінің бағасы 2,3 млрд теңге болды

787

Сәуір мен мамырда ҰҚК Қырғызстан мен Өзбекстанның арнаулы қызметтері және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, 30-дан аса есірткіге қарсы операция жүргізді.

Екі айда анықталған "қара нарықтағы" есірткінің бағасы 2,3 млрд теңге болды

Тоғыз халықаралық, 14 өңірлік есірткі трафигінің арнасы жойылды. Синтетикалық есірткі өндіретін сегіз ірі жасырын зертхананың жұмысы тоқтатылды.

"Арнайы операциялар барысында 15 адам ұсталды. Заңсыз айналымнан барлығы 223 кг есірткі, оның ішінде, 90 кг синтетикалық есірткі (270 мың "бір реттік мөлшерге" тең), 85.2 кг марихуана, 14 кг апиын, 4 кг гашиш алынды. Бұдан басқа, 800 экстази  таблеткасы, 500 түп "голланд" марихуанасы және психотроптық заттарды дайындауға арналған 4 тонна химиялық реагенттер айналымнан шығарылды", – деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен.

Екі ай ішінде алынған есірткінің "қара нарықтағы" жалпы сомасы 2.3 млрд теңгеден астамға бағаланып отыр.

"Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жалғасуда", – деп сендіреді ҰҚК.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу