Екі айдан бері жалақы алмаған жұмысшылар наразы

1175

Жұмысшылар еңбекақы алмағанша орнымыздан қозғалмаймыз дейді.

Екі айдан бері жалақы алмаған жұмысшылар наразы

Алматыда еңбек дауы. Екі айдан бері жалақыларын ала алмай жүрген жұмысшылар наразылыққа шықты. Олар "Ұлжан-2" шағынауданының жолын жөндепті. Ал, жөндеу жұмысы әлі аяғына дейін жетпеген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әзірге жоспарланған жұмыс тек жартылай ғана біткен. Жұмысшылар еңбекақы алмағанша орнымыздан қозғалмаймыз дейді.

Жиналған жұрттың сұрақтарына компанияның жалғыз өкілі, құрылыс тобының бригадирі жауап қатты. Алайда оның сөзінше, жалақы тек 10 күн берілмей қалған.

"Біз тек бір айдың жалақысын беруіміз керек. Аумақ басшысы жұмысшыларға аванс беру үшін кеңсеге кетті", – дейді "Дәулет-дорстрой" ЖШС құрылыс бригадасының басшысы Айбар Әубәкіров.

Жол жөндеушілердің жалақысы нақты қашан берілетіні белгісіз. Салдарынан Ұлжан-2 шағын ауданындағы құрылыс жұмысы да бірнеше мерзімге шегеріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу