Екі әйелдің қылмысқа тікелей қатысы бар – Саида Тәуекелова

206

Адвокат Саида Тәуекелова 16 жасар Шерзат қаза тапқан күні оқиға орнында болған екі әйелге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Екі әйелдің қылмысқа тікелей қатысы бар – Саида Тәуекелова

Оның айтуынша, бүгінгі таңда куәгер мәртебесіне ие екі әйелге қатысты сұрақ көп.

"Бұл істе куәгер ретінде өтіп жатқан олардың қылмысқа тікелей қатысы бар. Біз олардың әрекеттеріне қылмыстық-құқықтық баға берілу қажет деп есептейміз. Қазір тергеу жүріп жатқаны белгілі. Біз 30 қазанда Алматы облысының прокуратурасына тергеу әрекеттерін тексеруге қатысты шағым жібердік. Біздің ойымызша, бұл әйелдердің іс-әрекеттерінде ҚР ҚК 434-бабында көзделген қылмыстың құрамын байқауға болады. Бұл "Қылмыс туралы хабарламау" туралы бап. Заңға сәйкес, бұл ауыр қылмыс болып есептеледі. Бұл әрекеттерді осы қылмыстық іс бойынша саралау қажеттілігін талап етеміз", – деді адвокат тікелей эфирде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу