Екі айлық қазақстандық санитарлық авиациямен Омбыдан Нұр-Сұлтанға жеткізілді

782

Рейсті ҚР Денсаулық сақтау және Сыртқы істер министрліктері ұйымдастырды. 

Екі айлық қазақстандық санитарлық авиациямен Омбыдан Нұр-Сұлтанға жеткізілді

Қазақстан Республикасының Омбыдағы консулдығының көмегімен ауыр халде жатқан екі айлық Қазақстан азаматы жергілікті облыстық балалар клиникалық ауруханасынан Нұр-Сұлтанға жеткізілді, деп Қазақстанның РФ-дағы елшілігі баспасөз қызметі хабарлады.

Нәрестені астанаға әкелгенге дейін мамандар диагнозды зерттеп, келгеннен кейін бірден қарқынды емдеуді бастады.

Науқастың жағдайы тұрақты. Дәрігерлер толық емдеу бағдарламасын жүзеге асырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу