Екі ақтөбелік жұмысқа орналастыруды желеу етіп, жұрттан 40 млн теңге жинап алған

289

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Екі ақтөбелік жұмысқа орналастыруды желеу етіп, жұрттан 40 млн теңге жинап алған Фото: canva.com

Ақтөбе қалалық сотында 170-тен астам адамға жұмыс тауып беруге уәде етіп, қызметі үшін 50-700 мың теңге көлемінде ақша алған екі сотталушыға үкім шықты. Олар елді мұнай компаниясына жұмысқа тұрып, жоғары жалақы аласыз деп алдаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе қалалық №2 соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі сотталушыға қатысты іс Қылмыстық кодекстің “Алаяқтық” бабы бойынша қаралды.

Іс материалына сүйенсек, М және А 2022-2023 жылдары аралығында тұрғындарға Атырау облысында орналасқан кен орнына вахталық әдіспен жұмысқа орналастыратынын айтып, сендіреді. Әр жәбірленушіден 50-700 мың теңге аралығында ақша алып, нәтижесінде 172 жәбірленушіден жалпы 40 миллион теңге иемденген.

Сотталушының бірі бұған дейін де алаяқтық жасағаны үшін сотталған болып шықты. 

– Соттың үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, А. 6 жыл мерзімге, ал М. 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот сотталғандарды коммерциялық ұйымдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындады. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды, – деп хабарлады Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу