Екі апта бұрын жоғалған бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның зорлықпен өлтірілген денесі Германиядан табылды

1759

Қазір Донцованы іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Екі апта бұрын жоғалған бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның зорлықпен өлтірілген денесі Германиядан табылды Фото: Қанат Сайлыбаевтың жеке мұрағатынан

Германияда экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның зорлық белгілері бар мәйіті табылды. Бұл туралы BILD басылымы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Германияда қазақстандық бұрынғы судья өлтірілді, оның Ресейден келген енесі із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды BILD Telegram арнасы.

"Бұған дейін 40 жастағы Айгүл Сайлыбаева Астананың Сарыарқа ауданында судья болып қызмет атқарса, жуырда Германияның батысындағы Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және енесімен бірге тұрған. 4 маусым күні таңертең Сайлыбаева қызын балабақшаға алып кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеген. Жексенбі күні оның денесі қала шетіндегі Эрлахе карьерінен табылды. BILD хабарлауынша, мәйіт полиэтилен пакетте болған, ал әйел өлім алдында зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Қазір 35 тергеуші кісі өлтіру оқиғасын ашумен айналысып жатыр. Әйелдің үйінде тінту жүргізілді", - делінген хабарламада.

Сайлыбаевамен бір уақытта оның 49 жастағы қайын енесі Наталья Донцованың жоғалып кеткені атап өтілді. Ол 4 маусым күні немересін балабақшадан алып, үйіне әкелгені белгілі болды. Содан бері әжесі көрінбеген. BILD мәліметінше, баланың өзі аман, туыстарының қамқорлығына берілген.

Сайлыбаеваның анасы мен ағасы Қазақстаннан Германияға келді, деп хабарлады бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі. Ағасы әпкесі тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша шағымданғанын айтты. Қазір Донцованы іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұған дейін әйелдің ағасы Қанат Сайлыбаев қарындасы, бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның жоғалып кеткенін хабарлаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу