ШҚО облыстық ішкі істер департаментінің мәліметі бойынша, екі азамат есірткіні өткізу үстінде қолға түсті, деп хабарлайды 24.kz.
Ірі мөлшердегі марихуананы қылмыскерлер қаланың жеке сектор аумағындағы гаражда сақтап келген. Құқық қорға органдарының операциясы барысында олар көлікпен қашып, есірткіні жолай лақтырып жіберген. Алайда ұзамай қолға түсті. Сондай-ақ олардан 200 мың теңге тәркіленді.
"Ұстау барысында жеңіл көлікпен полиция қызметкерлерінен қашпақ болды және жүру барысында терезден пакеттегі марихуананы лақтырып жіберген. Алайда оны сол мезетте полиция қызметкері ұстап, есірткіні тәркіледі", - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің бас маманы Азамат Раисов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу