Екі бала 5-қабаттан құлап кете жаздады

Оқыс оқиғаның Талдықорған қаласында тіркелуіне сәл ғана қалды.  

Екі бала 5-қабаттан құлап кете жаздады Фото: видео скриншот

Куәгерлер қараусыз балаларды байқап қалып, шұғыл құтқарушыларға хабарласқан, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Құтқарушылар жеткенше бір топ ер адам терезенің түбінде матрас ұстап тұрған. Олар сәл де болса қауіпсіздік үшін осылай жасауға мәжбүр болғанын айтады. Абырой болғанда құтқарушылар дер кезінде келіп, қайғылы жағдайдың алдын алды. 

– 112 шұғыл нөміріне Талдықорған қаласының "Самал" шағын ауданындағы бесінші қабаттағы пәтерде терезеден құлап кету қаупі бар екі баланың қараусыз қалғаны туралы хабарлама түсті. Төтенше жағдайлар қызметі жеткенде үй иесі есікті ашты. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері бір баланы терезенің сыртынан алды. Ал екіншісі пәтерде болды, – делінген Төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында. 

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу