Екі бала терезеден құлап, біреуі көз жұмды

1422

Төтенше жағдайлар департаменті осындай оқыс оқиғаларды алдын алудың жолдарын айтты. 

Екі бала терезеден құлап, біреуі көз жұмды

Наурыз айында Алматыда 2 бала көп қабатты тұрғын үй терезесінен құлап, оның 1-і оқиға орнында мерт болды, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
    
"Жыл сайын жаз маусымы статистикасы қайғылы оқиғалармен басталады. Себебі балалар биік қабаттардағы ашық тұрған терезелерден құлап кетеді. Наурыз айынан бастап Алматы қаласында 112 желісі бойынша осындай 2 оқиға тіркелді. Оның біреуі оқиға орнында мерт болды. Аталған жағдай көбіне ересектердің терезелер мен балкондарды күндіз-түні ашық қалдыруынан орын алады. Тәуекел жоғары аймақта 5 жасқа дейінгі балалардың табиғи қызығушылығы басым болады. Олар өмірлеріне төнетін  қауіпті  білмейді", – деген ТЖД баспасөз қызметі 22 наурыз күні Түрксіб ауданы Жас Қанат ықшам ауданындағы орын алған өайғылы оқиғаны мысалға келтірді. 

9 қабатты үйдің 6 қабатынан үлкендердің қарауынсыз ас үйде ойнап отырған қыз бала терезеден құлап кеткен. Ол 18 маусымда 4 жасқа толар еді. Сәби жедел медициналық жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. 

 "Осы жағдайларға байланысты, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналар есте сақтауға тиіс төмендегідей ережелерді ескертеді:
– егер терезе 12,5 см-ден артық ашық болса,  балаңыз терезеден құлап кетуі мүмкін;
– кең ашылуға мүмкіндік бермейтін терезе құлыптарын орнатыңыз;
– балаларға терезелерден алыс ойнауды үйретіңіз;
– балаларды үнемі бақылауда ұстау керек;
– терезеге орнатылған москитті торлар  балалардың құлап кетуіне қоғай алмайды;
– терезені ашуға мүмкіндік бермейтін шектеулер қойыңыз", – деп ескертті ТЖД департаменті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу