Екі баланы өрттен құтқарған бала марапатталды

2613

13 жасар Бақытжан Беркінбай алты мен үш жастағы екі  баланы ажалдан арашалап қалды.

Екі баланы өрттен құтқарған бала марапатталды

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті өртенген үйден екі баланы алып шыққан 13 жасар Бақытжан Беркінбайды марапаттады, деп хабарлайды otyrar.kz.

Ол алты мен үш жастағы екі  баланы ажалдан арашалап қалды. Батыр Бақытжан гипстелген қолына қарамастан көмеккке ұмтылған. Күреспен айналысатын ол екі апта бұрын қолын сындырып алған екен.

Еске салайық, 16 ақпанында сағат 16:39-да Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті жедел басқару орталығына Абай ауданының Кұрсай шағынауданында өрт болып жатқаны туралы ақпарат түскен.

Оқиға орнына келген 14 адамнан тұратын өрт сөндіру қызметінің №1 мамандандырылған жасағы Жаңақұрылыс көшесінде жеке үйден шыққан  өртті өшірген болатын. Жалпы алаңы 60 шаршы метрді құраған аумақты жалын шарпып үлгерген. Өрт сағат 18:30-да оқшауланған. Үйде 3 бала болған, олар ересектердің қарауынсыз қалған.

Тергеу барысында түтінді көріп шошынған үйдің үлкені қорқыныштан далаға қашып шығып, көршілерінен көмек сұраған. 2005 жылы туылған жасөспірім көршісінің анасына өрт бригадасын шақыртуды сұраған.

Өз өмірін қатерге тіге отырып, қолының ауырғанына да қарамастан екі бүлдіршінді аман алып қалған батыр бала мадақтау қағазымен марапатталды.

Бүгінде екі баланың жағдайы жақсы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу