"ЦентрКредит банкі" АҚ басқарма төрағасы Владислав Ли бөлімше директорларымен кездесіп, акционерлер ауысқаннан кейінгі банктің алдағы мақсаттары жайлы айтты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".
Владислав Лидің сөзінше, қазіргі банк акционерлерінің ауысу кезеңінен бастап екі жылға созылуы мүмкін.
"ЦентрКредит банкі" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәл қазіргі уақытта банктің Цеснабанкпен бірігу мәселесі талқыланып жатыр. Бұл уақытқа дейін ЦентрКредит банкі мен Цеснабанк екі бөлек қаржы институты ретінде жұмыс істеді. Айта кетейік, ағымдағы жылдың сәуір айында корейлік Kookmin Bank өз акцияларын Бақытбек Байсейітовке, "Цеснабанк" АҚ және "Цесна" қаржы холдингіне сатты. Келісім жасалғаннан кейін банктің жарғылық капиталындағы Байсейітовтың үлесі 44,5%-ға өсті. Ал Цеснабанктің дауыс беру акциясы 29,9%-ға өсті. "Цесна" қаржы холдингі Kookmin Bank-тен орналастырылған акциялардың жалпы көлемінен 13,42 % артықшылық берілген акцияларын сатып алды.