Екі бірдей СЭС-і бар ШҚО-да электр қымбаттады

1562

Семей мен Өскемен электр тарифін бірінші болып көтерді. 

Екі бірдей СЭС-і бар ШҚО-да электр қымбаттады

LS сайты қараша басталғалы Қазақстанның 3 өңірінде электр қуатының тарифі қымбаттағанын мәлім етті. Ал бұған дейін Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Ибрайханов электр қуатының тарифі желтоқсан айынан бастап қана қымбаттайтынын айтқан болатын.  

Ең үлкен өсім Орал қаласында тіркеліпті.  Мұндай тариф 10,7%-ға артқан. Ал Шүлбі және Бұқтырма су электр стансасы бар Шығыс Қазақстанның ең үлкен екі қаласында тұрғындар электр қуаты үшін бұрынғыдан 6% көп шығынданатын болды.

"Бұл өзгерістерді ескерсек, республика бойынша тариф өсімі орта есеппен 1%-ға өсті деген сөз. Ал аталмыш үш өңірдегі ортақ өсім – 8%", – деп жазады LS сайты.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу