Екі боксшы қызымыз жартылай финалға шықты

937

Өкінішке қарай Фариза Шолтай қытайлық, ал Дина Жоламан америкалық қарсыласынан жеңіліп қалды.  

Екі боксшы қызымыз жартылай финалға шықты

Улан-Удэ қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында екі боксшымыз жеңіліп қалды, деп жазады Olympic.kz. 

81 келіге дейінгі салмақтағы Фариза Шолтай қытайлық спортшыдан 0:5 есебімен ұтылса, кешкі сессияда шаршы алаңға шыққан Дина Жоламан америкалық қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді.

Осылайша, әйелдер боксынан әлем чемпионатының жартылай финалына екі қазақстандық спортшы өтті. Олар Милана Сафронова мен Дина Исламбек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу