Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұрын өзінің отбасы тұрған аулаға барды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ақ Орданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Президент Алматыдағы қоғамдық көлікті диспетчерлік басқару орталығының жұмысымен танысқаннан кейін қала көшелерінде серуендеп, бұрын отбасы тұрған аулаға барды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Қ.Тоқаев қазір Алматыда жұмыс сапарымен жүр. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжинді қабылдады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу