Екі бұғанасы сынған: 2 жасар қызды ұрды деген күдікпен өгей әке ұсталды

121

Дәрігерлер қыздың жағдайын тұрақты деп бағалады.

Екі бұғанасы сынған: 2 жасар қызды ұрды деген күдікпен өгей әке ұсталды Фото: istockphoto.com

Анасы қызын ауруханаға алғаш әкелгенде төсектен құлап қалды деп хабарлаған. Алайда, бір тәуліктен соң ол дәрігерлерден баласының көгерген жерлерін түсіріп, тіркеуді сұраған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Облыстық балалар ауруханасына денесінде жарақаты бар 2 жасар қыз бала түскен. Анасы баласының арқасы ауырып тұр деп айтқан. Дәрігерлер тексере келе жеткіншектің екі бұғанасы бірдей сынғанын анықтады.

– Рентгенге түсіргенімізде қыздың екі бұғанасы да сынғаны белгілі болды, бірақ бұғанасы орнынан шықпаған. Бұған қоса маңдайында бұрын көгерген жері байқалды. Анасынан сұрағанымда ойнап жүріп ауыртып алды деп жауап берді. Көп балалар жүре бастағанда құлап, соғылып, денелерін көгертіп жататын жағдайлар жиі кездеседі, –  дейді балалар ауруханасының травматолог дәрігері Сергей Самец.

Бір тәуліктен соң анасы ауруханаға қайта келіп, дәрігерлерден қызының көгерген жерлерін түсіріп, тіркеуді өтінген. Белгілі болғандай, балаға әлгі жарақаттарды үйінде бірге тұратын өгей әкесі салған. Ол қызды қатты ұрып жіберген. Салдарынан жеткіншектің бұғаналары сынған.

– Денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласындағы уақытша қамау орнына орналастырылды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір екі жасар қыз амбулаториялық ем қабылдап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу