Екі депутатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

737

Екі депутатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Оңтүстік Қазақстан облысында төбелескен екі депутатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды өңірдің ІІД баспасөз қызметі.

Департаменттің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзованың айтуынша, бір-біріне қол жұмсаған түлкібастық депутаттарға қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабымен "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында екі депутат төбелесіп, екеуі де аудандық ауруханаға түсіп қалған болатын. Кейіннен олар Өтепбай Мәткәрімов пен  Айтбек Меңлібеков екені  анықталды. Депутаттардың біріне дәрігерлер миы шайқалған деген диагноз қойса, екіншісі жүрегі сыр беріп, ауруханаға түскен. Қазір дәрігерлер науқастардың жағдайы орташа қалыпты деп отыр.

Өтепбай Мәткәрімов кезінде аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарса, Айтбек Меңлібеков біраз жылдан бері "Ақсу-Жабағылы" қорығының директоры қызметін атқарып келеді. Әзірге қос депутаттың не себепті төбелескені белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу