Бір дрон Данилов ауданындағы Лихачев көшесінде апатқа ұшырады, екіншісі, алдын-ала мәліметтер бойынша, Хамовникидегі Комсомол даңғылында атып түсірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасай отырып.
Агенттіктің мәліметінше, ешкім зардап шеккен жоқ. Дрон шабуылдаған нысан жанындағы ғимараттарда терезелері сынып, шатыры жартылай зақымдалған. Дрон құлаған Комсомол даңғылының учаскесінде көлік қозғалысы тоқтатылды. Жүргізушілерге айналма жолдармен жүруге ескерту жасалды.
"Қатты зақымданған ғимараттар мен зардап шеккендер жоқ. Барлық жедел қызметтер сол жерде жұмыс істейді", — деді Мәскеу әкімі Сергей Собянин өзінің Telegram-арнасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу