Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған жасанды интеллект орталығына барды

334

Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған жасанды интеллект орталығына барды Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоғанға еліміздегі басты технологиялық хабқа айналуды көздейтін орталықтың әлеуеті таныстырылды.

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев екі ел басшыларына музей экспозициясы мен ЖИ-кинотеатрын көрсетіп, орталықтың ұзақмерзімді даму стратегиясы туралы мәлімет берді.

Сонымен қатар, президенттерге Astana Smart City жобасы жөнінде баяндалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу