Екі елдің ірі мұнай компаниялары Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

705

ҚМГ Каспий өңірінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бастамасына қосылды.

Екі елдің ірі мұнай компаниялары Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Баку қаласында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы, BP Exploration (Caspian Sea) Limited, Equinor Apsheron AS және TOTAL E&P Absheron B.V. компаниялары арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум Каспий өңірінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бастамаға (Caspian Environmental Protection Initiative — "CEPI") жол ашады, деп хабарлады "ҚМГ" баспасөз қызметі.

Бастаманың негізгі мақсаты ретінде қоршаған ортаны қорғауға және халықаралық мұнай компаниялары шоғырланған өңірде қолданылатын бірлескен зеттеулерге арналған алғашқы платформаны құру жарияланды. Оған қосылуға ниет білдірген компаниялар Каспий өңірінің экологиялық тұрақтылығына қауіп төндіретін климаттың өзгеруі мәселелерін шешуде күш біріктіреді, сондай-ақ қоршаған ортаға парник газдары мен зиянды заттардың шығарылуын алдын алу үшін бірлесіп белсенді әрекет ететін болады. Бұдан бөлек, CEPI аясындағы ынтымақтастық қоршаған ортаны қорғау саласындағы озық тәсілдерді, стандарттар мен технологияларды зерттеу мен қолдауды, климаттың өзгеруіне қарсы күрес бойынша ортақ алдын алу шараларын әзірлеу мен іске асыруды, ақпараттық-танымдық және насихат жүргізу жұмыстарын ұйымдастыруды, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне атсалысуға өңірдегі мүдделі тараптар мен реттеуші органдарды тартуды және т.б. көздейді.

"ҚазМұнайГаз" климат, қоршаған ортаны қорғау, жер бетіндегі тіршілікті сақтап қалу сияқты экологиялық бағыттарға жіті назар аударады. 2028 жылға дейінгі Даму стратегиямызда тұрақты даму негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталған болатын. Бұл бастама өзара ықпалдастықты орнату мен тәжірибе алмасудың алаңына айналып, Каспий өңіріндегі табиғатты қорғау мәселесінде бірлескен іс-қимылдың маңызды қадамы болатынына сенімдімін", – деді ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.

CEPI бастамасына қатысу жоғарыда аталған қызметті жүргізу үшін нақты жауапкершілікті, белгілі бір міндеттерді немесе уақыт шектеулерін жүктемейді. Бұл ретте CEPI құрамына басқа да компаниялар қосыла алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу