Екі елдің облыс басшылары ортақ меморандумға қол қойды

860

Екі елдің облыс басшылары ортақ меморандумға қол қойды

Қырғызстаннан Әулиеата өңіріне бір күндік жұмыс сапарымен келген Талас облысының басшысы мен Жамбыл облысының әкімі ортақ меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Zhambylnews.

Әсіресе туризмді түлетіп, кәсіпкерлікті жандандыруға басымдық беріледі. Сонымен қатар, ауылшаруашылығы өнімдері екі ел арасында еркін тасымалданып, сауда саттық көлемі артады. Жамбылдық шаруалар биыл ағын судан да тарықпайды. Келісілген кесте бойынша қажетті су мөлшерімен беріліп отыр. Шекаралас екі облыста туризмді дамыту да қолға алынады. Жаңа туристік бағыттар ашылып, спорттық-мәдени бірлескен іс-шаралар көбейеді.

"Бұл жиынға аймақтағы туристік фирмалар мен компаниялар қатысып отыр. Біздің де ұсынатын жақсы жобаларымыз бар. Бүгінгі кездесу, қол қойылып отырған құжаттар жалпы екі ел арасындағы қарым қатынасты бұдан да ары дамытуға өзінің үлесін қосады деген сеніміміз бар, - деді облыс әкімі Асқар Мырзахметов.

Енді, бидай мен ұн, ет-сүт, жеміс-көкөніс өнімдерін ешбір кедергісіз импорттау ісін жолға қойып, тауар айналымын арттыру жоспарланып отыр. Көрші ел кәсіпкерлері әсіресе сүт өнімдері мен маусымдық жидектерді, картоптың экологиялық таза сорттарын Қазақстанға тасымалдауға әзір.

"Шарттарды түзіп берсе, границадан тез өтсе, жолда тосқауылдар болмаса, базарларда холодильниктер мен складтар болса біздің іскерлігіміз экологиялық таза, жақсы продукцияларды жеткізуге даяр", – деді Талас облысы, Талас ауданының әкімі Бақыт Болжанов.

Іскерлік жиыннан соң, делегаттар "Көне Тараз" тарихи-мәдени кешені мен Тараздағы тарихи-мәдени ескерткіштерді аралап, экскурсия жасады. Екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған іс-шара "Бірлігіміз жарасқан" атты шығармашылық концертімен қорытындыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу