Екі елге ортақ Жол картасы қабылданды

1132

Биыл 9 айда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымы $770 млн-ға жуықтады.

Екі елге ортақ Жол картасы қабылданды

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Өзбекстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Жамшид Ходжаевтың жетекшілігімен келген делегацияны қабылдады, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Премьер-министр агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін өзара жеткізуді арттыру, инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру және үшінші елдердің нарығына шығу үшін едәуір әлеуеттің бар екенін атап өтті. 

Биыл 9 айда екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы шикізаты өңделген өнімдері мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы $770 млн-ға жуықтады. Қазақстанның Өзбекстанға экспортының негізгі көлемі бидай мен меслинге, бидай немесе бидай-қара бидай ұнына, кұнбағыс дәніне, қантқа, ірі қара малға, бидай қалдығына тиесілі. Өзбекстан Қазақстанға негізінен шие мен қызыл шие, балғын жүзім, өрік, қызанақ, шабдалы, құрма, көкөніс экспорттайды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша үкімет басшысының қатысуымен екі елдің ауыл шаруашылығы министрлері Қазақстан мен Өзбекстан арасында ауыл шаруашылығы саласында орташа мерзімді преспективаға ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі Жол картасына қол қойды. 

Құжат ауыл шаруашылығы ғылымы, өндіріс, сертификаттау, сауда, цифрландыру, ветеринария және мал шаруашылығы, өсімдіктер карантині салаларында 2019-2024 жылдары өзара іс-қимылды дамыту шараларын қамтиды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу