Екі ер адам қылмыс үстінде қолға түсті

542

Металл сынықтарының салмағы 750 килограмды құрады.

Екі ер адам қылмыс үстінде қолға түсті

Қостанай облысында екі ер адам металл тіректі ұрлауға тырысқанымен, қылмыстық ниетін соңына дейін жеткізе алмады. Күзет қызметкерлері жоғары вольтты бағананы ұрлаған күдіктілерді ұстады, деп жазады inbussines.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

– Рудный қаласында 31 және 33 жастағы ер адамдар кәсіпорындардың бірінің шаруашылық аумағына кірген. Жергілікті тұрғындар газжалынды жабдықтың көмегімен жоғары вольтты металл тіректерді кескен. Ұрлық жасау барысында оларды күзет қызметкерлері ұстады, – деді Қостанай облысы ПД Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Абзал Болатов.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу