Екі есірткі зертханасы жойылды

1162

"Рефлекс-2021" арнайы өңірлік операциясы барысында синтетикалық есірткінің заңсыз айналымына қатысты 303 қылмыс ашылды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Екі есірткі зертханасы жойылды

"Операция кезінде синтетикалық есірткі өткізудің – 83, аса ірі көлемде сақтаудың – 32, есірткіні насихаттаудың – 25, "притон" ұйымдастырудың – 3 және контрабанданың – 1 фактісі анықталды", – деді ресми өкіл. 

Нұрділдә Ораздың айтуынша, Алматы, Атырау облыстарында 2 есірткі зертханасы жойылды. Бұл жерден 3,5 келіден астам есірткі тәркіленді. "Арнайы операция кезінде заңсыз айналымнан 14,5 келі синтетикалық есірткі тәркіленді", – деді ресми өкіл.      

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу