Алматылық өрт сөндірушілер Бостандық ауданында жоғары дәрежедегі өртті дер кезінде өшіріп үлгерді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Екі қабатты жер үйде шыққан жалынды өшіру үшін жедел штаб құрылып, екі жауынгерлік учаске жұмылдырылған, автоцистерналар, өрт гидранттары 60 және 600 қашықтықта орналасқандықтан, магистральдық желілер тартылып, суды үздіксіз беру қамтамасыз етілген.
"Келгеннен сәтте екі қабатты салынып жатқан үй төбесінің мансард қабатының жануы анықталды. Өрттің тез таралуына шатырдың тез жанғыш материалдардан жасалғандығы, фанера және төбесі жұмсақ битум төселгендігі әсер еткен", – деп хабарлады ТЖД.
10:41-де басталған өрт бір сағатқа жетпей, 11:31-де өндірілген. Жалын шарпыған аумақ 280 шаршы метрді қамтыған. Өртті сөндіруге 40 өрт сөндіруші мен 12 бірлік техника тартылған. Зардап шеккендер жоқ.