Екі қазақстандық Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өткен

763

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде Қазақстан азаматтарының Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өтуі туралы айтылды.

Екі қазақстандық Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өткен Фото: inform.kz

Қазақстанның екі азаматына Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан, олар аталған елге заңсыз кіріп кеткен, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, бүгінде олардың біреуі ұсталып, екіншісі іздестіріліп жатыр.

"Корея Республикасына кіруге тиісті рұқсат алмаған Қазақстанның екі азаматы Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз қашып кеткен. Кейінірек олардың бірін жергілікті полиция ұстаған, ал екіншісі іздестіріліп жатыр", - деді СІМ ресми өкілі.

Екі азамат Оңтүстік Кореяға 24 наурызда Ташкент қаласынан "Koreana" әуекомпаниясының рейсімен келіп, депортациялық рейсті күтіп тұрған жерінен қашып кеткен.

"Аталмыш оқиға Оңтүстік Кореяда қоғам арасында талқыға салынып, жергілікті БАҚ-та кеңінен жарияланды. Яғни бұл жағдай болашақта Корея Республикасының құқық қорғау және иммиграциялық органдарын әсіресе Қазақстан азаматтарының елде заңсыз жүріп-тұруына қарсы белсенді күресуіне, сондай-ақ біздің отандастарымыз үшін елге кіру тәртібін қатаңдатуға итермелеуі де мүмкін", - деп қосты Айбек Смадияров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу