29 тамызда Павлодар қаласының Торговая-Центральная көшелерінің қиылысында Volkswagen Polo автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын қамтамасыз ете алмай, Lada автокөлігімен соқтығысты.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Lada автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, – деді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Сараптама тағайындалып, автокөліктер арнайы айыппұл тұрағына қамауға алынды. Тексеру жүргізіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу