Екі Корея шекараларындағы темір жолдарды біріктіреді

1082

Бірақ сарапшылар "қос Корея арасындағы теміржол қайта қосылғанымен солтүстіктен оңтүстікке баратын жолаушылар көбейе қоймас" деп отыр.

Екі Корея шекараларындағы темір жолдарды біріктіреді

Салтанатты шара желтоқсанның 26-сы күні Панмун теміржол станциясында өтеді. Оған әр елден 100-ге жуық қонақ қатысады, деп хабарлайды 24.kz.

Ал Кэсон аймағында орналасқан станция бауырлас елдерді байланыстыратын басты бекеттің бірі болмақ. Бірақ сарапшылар "қос Корея арасындағы теміржол қайта қосылғанымен солтүстіктен оңтүстікке баратын жолаушылар көбейе қоймас" деп отыр. Себебі Пхеньян өз азаматтарының қозғалысына қатаң шектеу енгізген.

Айта кетейік, Корея 1948 жылы екіге бөлінгенге дейін қазіргі қос елдің арасын 2 теміржол байланыстырып тұрған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу