Екі Корея спортшылары Олимпиада ойындарының ашылуында бірге шығуы мүмкін

966

Екі Корея спортшылары Олимпиада ойындарының ашылуында бірге шығуы мүмкін

Солтүстік Корея осы жылдың 9 - 25 ақпанында Оңтүстік Кореяның Пхенчан қаласында өтетін Олимпиада ойындарына өз спортшыларын қатыстыруды жоспарлап отыр. КХДР өкілдері бұл туралы шекаралас Пханмундж ауылында Оңтүстік Корея делегациясымен болған келіссөзде мәлімдеді деп хабарлайды Reuters.

Сондай-ақ Солтүстік Корея Олимпиадаға жоғары шенеуніктер делегациясы мен спортшыларды қолдайтын топты жібереді деп жоспарлануда. Бұған қоса КХДР Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында өз спортшыларының оңтүстік кореялық спортшылармен бірге шығуын ұсынды. 
Ал Оңтүстік Корея болса Корей соғысы салдарынан бөлінген отбасыларды біріктіруге, екі елдің қорғаныс министрлігі деңгейінде диалогты жаңғыртуды ұсынып отыр. 
Кеше Халықаралық олимпиада комитеті солтүстік кореялық спортшылардың қысқы олимпиада ойындарына қатысуға тіркеуін ұзартты. Өткен аптада Оңтүстік Корея мен КХДР арнайы байланыс желісі бойынша диалогты қайта қалпына келтірді. Екі ел екі рет телефон арқылы келіссөз жүргізген, бірақ әзірге ол туралы айтылмай отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу