2 күн бұрын жоғалған малшы далада аяқ киімсіз табылды

208

Іздеу барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары, кинологиялық есептоп және арнайы техника пайдаланылды.

2 күн бұрын жоғалған малшы далада аяқ киімсіз табылды Фото: ТЖМ

Бүгін таңертең Жамбыл облысының Сарысу ауданында жоғалған малшыны іздеу жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Екі күн бұрын құтқарушыларға 1971 жылы туған ер адамның 27 мамыр күні жылқымен мал бағуға шығып, қайта оралмағаны туралы хабар түскен. Іздестіру жұмыстарына ТЖД күштері мен құралдары, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ауыл тұрғындары жұмылдырылды. 

Кеше іздеу тобы жылқы мен малды тапқанымен, ер адамның нақты орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаған. Осыған байланысты іздестіру жұмыстары үздіксіз жалғастырылды.

"Бүгін құтқарушылар малшыны Ақтоғай ауылынан 7 шақырым қашықтықтағы дала аумағынан тапты. Табылған кезде ол қатты шаршаған, шөлдеген және аяқ киімсіз болған. Алайда медициналық көмекке мұқтаж болмаған", – делінген хабарламада.

Барлық қызметтердің үйлесімді жұмысының арқасында іздестіру-құтқару операциясы сәтті аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу