Екі күнде 270 тонна тауар сатылды

999

Екі күнде 270 тонна тауар сатылды

Қызылорда облысы Астанаға 160 млн тонна соманың ауыл шаруашылығы өнімдерін әкеліп, екі күн бойы жәрмеңке өткізді. Онда сыр елінің 30 кәсіпорны 40 түрлі өнімін ұсынды. Олардың ішінде, өңірдің мақтанышы саналатын күрішті, қауын-қарбыз бен Арал теңізінің дәмді балығын атап өтуге болады. Жалпы, Қызылорда облысы елордада осымен үшінші рет жәрмеңке ұйымдастырып отыр. Бұл жолы 15 жүк көлігімен 270 тонна өнім жеткізілген. Жәрмеңкеде бақша дақылдарымен қатар, ет өнімдері де саудаланды. Бастысы әкелінген тауар құны Астана бағасынан 15-20 пайызға төмен.

Бақыт Жаханов, Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы: "Астана әкімдігімен тығыз қарым-қатынас арқылы қаладағы базарлардағы азық-түлік бағасы толықтай зерделеніп шықты. "Астанадағы "Шапағат" коммуналдық базарындағы бағаны толықтай зерттеп шықтық. Осы орайда жәрмеңкеде 15-20 пайызға төмен бағаны қойдық. Мысалы, қалада қызанақтың келісі 200 теңгеден сатылып жатса, жәрмеңкеде оның құны 150 теңге деңгейінде белгіленді".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу