Екі күн ішінде Астанаға 14 вагон немесе 980 тонна көмір жеткізілген, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
17 қазандағы жағдайы бойынша "көмір сатылатын жерде" көмірдің жалпы қоры 12060,57 тоннаны құрайды. Оның 3 вагон немесе 210 тонна Шұбаркөл маркасының көмірі, 6 вагон немесе 420 тонна Қаражыра, 5 вагон немесе 350 тонна Майкөбе маркасының көмірі.
Көмір түрлері мынадай бағада сатылуда: Шұбаркөл - тоннасына 13500-14500 теңге, Қаражыра - тоннасына 14000 теңге, Майкөбе - тоннасына 12000-12500 теңге, Богатырь көмірі - тоннасына 8500-9500 теңге. Кузнецкий – тоннасына 12000-12500 теңге.
1 тамыздан 16 қазанға дейін 148,5 мың тонна сатылды. 16 қазан күні 1540,6 тонна көмір сатылған.