Жерге әсер ететін ғарыштық құбылыс жақындап келеді

344

Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты мен Сібір бөлімшесінің Күн-жер физикасы институты жанындағы Күн астрономиясы зертханасы хабарлады.

Жерге әсер ететін ғарыштық құбылыс жақындап келеді Фото: ЖИ

Күндегі короналдық тесіктің әсерінен 29-30 қазан күндері Жерде геомагниттік ауытқулардың жаңа толқыны болуы мүмкін. Алайда әзірге магниттік дауылдардың туындау ықтималдығы төмен деп бағаланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Есептеулер бойынша 28 қазан, сәрсенбіден бастап Жер кезекті короналдық тесіктің әсер ету аймағына енеді. Осыған байланысты бейсенбі және жұма күндері геомагниттік ауытқулардың жаңа толқыны күтіледі. Дегенмен магниттік дауыл деңгейіне жету ықтималдығы әзірге төмен деп бағаланып отыр, – делінген хабарламада.

Мамандардың есептеуіне сәйкес, Күн желінің жылдамдығы секундына 600 шақырымға дейін жетуі мүмкін. Бұл қалыпты деңгейден шамамен 50 пайызға жоғары. Алайда мұндай көрсеткіш әдетте қауіпті, яғни қызыл аймаққа өтуге жеткіліксіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу