Екі құрылысшының мерт болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

1349

Құрылысшылар абайсызда биіктіктен құлап кеткен. Олардың бірі оқиға орнында көз жұмса, екіншісі ауруханада қайтыс болған.

Екі құрылысшының мерт болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Қызылорда облысының Қазалы ауданында құрылыс нысанында екі адамның мерт болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда еңбектi қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Сарапталамалар тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталуда", – деп мәлім етті Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомстводан мәлім еткендей, құрылысшылар абайсызда биіктіктен құлап кеткен. Олардың бірі оқиға орнында көз жұмса, екінші жұмысшы ауруханада қайтыс болған.

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентіндегі құрылыс нысандарының бірінде 29 қазанда сағат 16:30 шамасында орын алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу