Екі министрлік қайта құрылды

1035

Оларға Ішкі істер министрлігінің бірқатар функциясы берілді. 

Екі министрлік қайта құрылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрігі мен Денсаулық сақтау министрлігін қайта ұйымдастыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

1. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Ішкі істер министрлігінің халықтың көші-қоны саласындағы функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ заңсыз көшіп келудің жолын кесу, заңсыз көшіп келушілердің реадмиссиясы, Қазақстаннан кетуге және Қазақстанға келуге виза беру, халықты құжаттандыру және азаматтық алу жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, босқындар мәселесі беріледі;

2. Денсаулық сақтау министрлігіне Ішкі істер министрлігінің медициналық қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері беріледі:

2022 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты.

Үкімет қайта ұйымдастырылатын министрліктер мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдар арасында штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етуі тиіс.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау министрліктері функциялар мен өкілеттіктер шегінде Ішкі істер министрлігінің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқорлары болып айқындалсын", - деп жазылған Жарлықта.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу