Екі мыңнан астам оқушы Қазақстан ұстаздарына арнап ән шырқады

158

Ерекше іс-шараның өтуіне Ораз Жандосов атындағы №105 гимназия мұрындық болды.

Екі мыңнан астам оқушы Қазақстан ұстаздарына арнап ән шырқады Фото: Бейнежазбадан

Алматыда Ұстаздар күні қарсаңында екі мыңнан астам оқушы қатысқан ауқымды флешмоб өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ұстаздарға тағзым!" атты әннің әуенімен балалар ел ұстаздарына алғыс пен ризашылық білдірді.

Бұл жүрекжарды орындау ұстаз еңбегіне деген құрметтің нышанына айналып, педагогтердің жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі өлшеусіз үлесін айқындады.

Ауқымды флешмоб әр жастағы мектеп оқушыларын біріктіріп, өмірін білім беру ісіне арнаған жандарға арналған нағыз мерекелік қойылымға айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу