Екі облыс тұрғындары некеге жиі тұра бастаған

405

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, II тоқсанда Қазақстанда ресми тіркелген неке саны 29,3 мыңды құрады. 

Екі облыс тұрғындары некеге жиі тұра бастаған Фото: pixel.com

Бұл былтырғыға қарағанда 6,1%-ға көбірек, деп жазады inbusiness.kz.

DataHub мәліметінше, сәуір-маусым айларының қазіргі деңгейі соңғы 10 жылдағы ең төменгі деңгейдің бірі болып отыр. 2020 жылдың екінші тоқсанында жағдай әлдеқайда нашар болғанын атап өткен жөн (16,6 мың неке). Алайда бұл уақыт пандемия кезеңімен тұспа-тұс келді. Жалпы 2014 жылдан бастап көрсеткіш 20,4%-ға қысқарды. 

“Көптеген аймақта неке санының өсуі байқалады. Жылдық өсім бойынша Алматы (+0,6 мың бірлік, 3,4 мың бірлікке дейін) және Қарағанды облысы (+0,4 мың бірлік, 2,3 мың бірлікке дейін) көшбасшы атанды. Бірақ екеуі де бұрынғы межеде қалып отыр. 5 аймақта, әсіресе оңтүстікте некеге тұру санының азаюы байқалады. Мәселен, Алматыда көрсеткіш 0,3 мың бірлікке дейін төмендеп, 3,2 мың бірлікті құрады”, - деп хабарлады Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу