"Қазгидромет" РМК ауа райының қолайсыздығына орай екі облыста ескерту жариялады. 15 ақпан күні ШҚО-ның кейбір жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз бұрқасын болады. Кей жерлерде шығыстан, оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді. 15-17 ақпан күні Қызылорда облысының жекелеген аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу