Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

157

Жолды 2026 жылы 6 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды  Фото: matritca.kz

ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты Павлодар және Қарағанды облыстарында жол жабылғанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2026 жылғы 6 ақпан сағат 03:30-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті" автомобиль жолының 1135-1206 шақырым аралығындағы учаскесі (Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті елді мекеніне дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі", – делінген хабарламада.

Жолды 2026 жылы 6 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған. 

Сондай-ақ Қарағанды облысында да көлік қозғалысына шектеу қойылды. 

2026 жылғы 6 ақпан сағат 04:00-де ауа райының бұзылуына байланысты төмендегі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі: 

  • "Астана–Қарағанды–Алматы" автожолының 248-592 шақырым аралығындағы учаскесінде (Атамекен ауылы – Балхаш қаласы);
  • "Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз" автожолының 17-217 шақырым аралығында (Қарағанды қаласы – Қарқаралы ауылы);
  • "Қызылорда–Жезқазған–Қарағанды–Шідерті" автожолының 970-1135 шақырым аралығы (Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).
  • Астана–Қарағанды(айналма жолмен) – Алматы" автожолының 164-198 шақырым аралығы, (Теміртау ақы алу пункті – Қарағанды қ.). 
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу