Екі облыста маңызы бар автожолдар жабылды

313

Автожолдарды күтіп-ұстауға 395 бірлік техника жұмылдырылды.

Екі облыста маңызы бар автожолдар жабылды Фото: Inbusiness.kz

"ҚазАвтоЖол" мекемесі 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Абай облысында - 1 учаске

 "Омбы-Майқапшағай" 910-1002 км, Қалбатау а.-Көкпекті а. дейін - 92 км. (Боран, шектеулі көрініс).

Шығыс Қазақстан облысында - 1 учаске

 "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман кілттері" 6-166 км, Ушанов а.-Алтай қ. - 160 км. (Қар көшкінінің қаупі).

Осы сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 395 бірлік техника және 556 жолшы жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу