Екі облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды

344

2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Екі облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды Фото: Inbusiness.kz

26 қаңтар сағат 17.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл туралы KazAvtoJol мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Жетісу облысында – 1 учаске

1. "Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейінгі аралық – 100 км.

Қарағанды облысында – 2 учаске

1. "Екатеринбург-Алматы" 1446-1459 км, Теміртау қ.-Қарағанды қ. – 13 км.

2. "Екатеринбург-Алматы" 1426-1446 км, Теміртау ААП-Теміртау қ.– 20 км.

Осы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 799 бірлік техника және 1307 жолшы жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу