Екі облыста шектеу енгізілген жолдар ашылады

132

2026 жылғы 25 қаңтар сағат 10:00-де республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Екі облыста шектеу енгізілген жолдар ашылады Фото: canva

Қостанай облысы:

– "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автожолының 555–729 шақырым аралығы (Тобыл қаласынан СҚО шекарасына дейін);

– "Мамлютка – Қостанай" автожолының 180–403 шақырым аралығы (СҚО шекарасынан Тобыл қаласына дейін);

– "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автожолының 8–232 шақырым аралығы (Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін);

– "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автожолының 418–539 шақырым аралығы (Қостанай қаласынан Қарабалық кентіне дейін);

Ақмола облысы:

– "Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы" автожолының 304–341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);

– "Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы" автожолының 2–50 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);

– "Көкшетау – Рузаевка" автожолының 0–61 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);

– "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автожолының 856–917 шақырым аралығы (СҚО шекарасынан Жақсы кентіне дейін);

– "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" автожолының 377–595 шақырым аралығы (СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін);

– "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автожолының 232–260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейін).

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу