Екі облыста төмен көрсеткіш тіркелді

879

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көрсеткіші 3%-ға жақсарғанын жариялады. 

Екі облыста төмен көрсеткіш тіркелді

"Ауыл шаруашылығы тұрақты өсу қарқынын көрсетуде. Өнім шығару 3%-ға  ұлғайды. 13 өңірде оң серпін байқалып жатыр. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің оң динамикасы бойынша Ақмола облысы ең жоғары нәтиже көрсетті. Ал Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында төмен көрсеткіш  тіркелді", – деді Әсет Ерғалиев үкімет отырысында. 

Министрдің мәлімдеуінше, оң серпінге мемлекеттік қолдау шаралары ықпал еткен. 

"Ауыл шаруашылығының өңдеу саласын инвестициялауды ынталандыруға, ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне, экономиканың өзіндік жеткіліктілігін арттыру бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары көрсеткіштің жақсаруына оң әсер етті", – деді министр.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу