Екі облыстан жанармайды елден тыс жерге шығарған жүргізушілер анықталуда

481

Үш күнде құқық бұзушылық жасаған 57 жүргізуші жауапқа тартылды. 

Екі облыстан жанармайды елден тыс жерге шығарған жүргізушілер анықталуда Фото: polisia.kz

Жамбыл және Түркістан облыстарында 10 сәуірден бастап ішкі істер органдары көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, жанар-жағармайды елден тыс жерлерге әкетуге жол бермеу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлері тиісті рұқсатсыз қосымша жанармай бактарын орнату арқылы көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу фактілерін анықтауға ерекше назар аударады.

Бұл құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылады (Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару). Іс-шараның үш күнінде осындай құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 57 жүргізуші жауапқа тартылды, 21-әкімшілік материал бойынша көлік құралдарын одан әрі пайдалануға тыйым салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу