Екі облыста жазғы дөңгелекпен жүрген көліктердің қозғалысы шектелді

223

ҚазАвтоЖол тағы екі облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Екі облыста жазғы дөңгелекпен жүрген көліктердің қозғалысы шектелді Фото: ЖИ

2026 жылғы 23 қазан сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда жазғы дөңгелектермен жабдықталған автокөліктердің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:

Ақмола облысы:

- "Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы" автожолының 159 — 200 шақырым аралығы (Ерейментау қаласы — Павлодар облысының шекарасы);

Абай облысы:

- "ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан қ. айналма жолымен — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы (Урлютюбе ө/п)" автожолының 587 — 733 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы — Семей қаласы);

Сонымен қатар 23 қазан сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда жазғы дөңгелектермен жабдықталған автокөліктердің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:

- "ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан қ. айналма жолымен — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы (Урлютюбе ө/п)" автожолының 910 — 1105 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы — ШҚО шекарасы);

- "Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы" автожолының 971 — 1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы — ШҚО шекарасы);

- "Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы" автожолының 778 — 968 шақырым аралығы (Аягөз қаласы — Қалбатау ауылы);

- "Өскемен — Семей" автожолының 103 — 198 шақырым аралығы (ШҚО шекарасы — Семей қаласы);

Жолды 2026 жылы 24 қазан сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу