Ауа райына байланысты Самара-Шымкент автожолында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Хабарламаны Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратты.
Автожолдың 842-ші шақырымынан Дон ауылына дейін, сондай-ақ, 1153-ші шақырымнан Самара-Шымкент және Қандыағаш-Эмба-Шалқар-Ырғыз бағыттарының қиылысатын жеріне дейінгі аралық жабалды. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында "Өскемен-Риддер-Ресей" шекарасы, "Өскемен-Шемонаиха-Ресей" шекарасы және "Өскемен-Семей" жол учаскелерінде жүк және жолаушылар автокөліктері үшін қозғалыс шектелді. Ал елордада қатты аязға байланысты бүгін 9-сыныпқа дейінгі оқушылар үшін сабақ тоқтатылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу