Екі облыстағы тасжолдарда көлік қозғалысына қойылған шектеу алынып тасталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
1 қаңтарда сағат 02:30-да Алматы облысындағы автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды: "Алматы–Өскемен" 25-67 шақырымы (Ақы алу пункті – Қонаев қаласына дейін).
Сағат 08:30-да Жетісу облысындағы республикалық автожолда көлік қозғалысы ашылды: "Алматы–Өскемен" автожолының 124-287 шақырым аралығында (Алматы облысы шекарасынан Талдықорған қаласына дейін).
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу