Екі оқушы Баянауыл ұлттық паркінің 3D атласын құрастырды

723

Атласта ерекше қорғауға алынған өсімдіктері мен жануарлар бар.  

Екі оқушы Баянауыл ұлттық паркінің 3D атласын құрастырды Фото: Dalanews.kz

​Павлодар қаласының "Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің" 11-сынып оқушылары Богдан Цибрий мен Руслан Божеканов Баянауыл ұлттық паркінің мемлекет қорғауына алынған өсімдіктер мен жануарлар әлемін виртуальді көрсете білді, деп жазады inbusiness.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

3D атласта өңір эндемиктері ұсынылды. Яғни баянауылдық қарағай, қарағаш, көптісті жертесер мен арқар бар. Оның көмегімен барлығына қызықты әрі қолжетімді формада табиғаттың қорғауға алынған элементтері туралы жергілікті тұрғындар білімдерін кеңейте алады. 3D атлас арқылы өлкетану, биология және география сабақтарының , әрі облыс тұрғындары арасында қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту мүмкіндігін береді.

"Біз өңіріміздің тұрғындарының басым бөлігі табиғаттың қорғауға алынған объектілері туралы білгенін қалаймыз. Мұндағы басты мақсатымыз - олар қандай жануарлар мен өсімдіктердің қорғауға алынғанын біліп, оларға зиян келтірмесін деген ниет" , - дейді түлектер.

Заманауи технология парктің өсімдіктер мен жануарлар әлемін цифрлық форматта көру мүмкіндігін туғызады. Балалардың ойлап тапқан 3D форматтағы Баянауыл ұлттық паркі – бұл ғылыми зерттеу жасауға керемет мүмкіндік береді. Соның арқасында бұл туралы шет елдер де біле алады.

​Балалар паркті виртуальді әлемге өзгеріссіз енгізгені.  Бұл бірегей жобаны екінші жыл қатарынан  3D форматта көрсетіп жүр. 

Руслан мен Богдан бұл мәселемен "ENACTUS" бизнес ұсыныстар конкурсына Баянауыл ұлттық паркі бойынша экологиялық тур құрастырғаннан бастап айналысып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу