Екі өңірде 6 адам газдан уланып қалды

508

Оның ішінде төртеуі – балалар.  

Екі өңірде 6 адам газдан уланып қалды Фото: gov.kz

Бұл туралы ТЖМ  баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 8 наурызда Семейде төрт бала улы газдан уланып қалды.

Ақпаратқа сәйкес, жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылыту пешін пайдалану ережелері бұзылғандығы анықталды. 4 және 5 жастағы екі бала дәрігерлердің тексерісінен соң үйлеріне қайтарылған.

Ал, 11 және 7 жастағы балалар улы газдан орташа дәрежеде уланып, қаладағы "Бүйрек орталығы" мекемесіне токсикология бөлімшесіне жатқызылды.

ТЖМ мәліметінше, улану дерегі СҚО-да да тіркелді.

"Солтүстік Қазақстан облысында 8 наурыз күні сағат 02:52-де Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның орталық ауруханасына Новоишимское ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйдегі жалдамалы пәтерде тұратын 1976 жылы туған әйел мен 1977 жылы туған ер адам жатқызылды. Бүгінде олар ауруханадан үйлеріне шығарылды. Пәтерді тексеру кезінде жылыту пешінің мұржасы күйеге толы екендігі анықталды. Пеш дұрыс тартпағандықтан, улы газ бөлмеге таралған. Бұдан басқа пеш пен мұржада жарықтар болған", - делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша тұрғын үй иесі айыппұл санкцияларын көздейтін ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу